«Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП

⚜️Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында Еркінқала ауылдық округінде Департамент басшысының орынбасары М.А. Музатованың қатысуымен «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді.
Аталған акция халыққа қолжетімді әрі сапалы құқықтық көмек көрсетудің жарқын үлгісіне айналды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларын кеңінен түсіндіру болды.
Акция барысында Департамент басшысының орынбасары М.А. Музатова тұрғындардың құқықтық сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар тұрғын үй және жер қатынастары бөлімдерінің өкілдері, жұмыспен қамту қызметі, Отбасы банкінің мамандары, адвокат, нотариус және жеке сот орындаушылары халыққа жан-жақты заңгерлік кеңестер ұсынды.
Тұрғындар сауалдарына нақты әрі түсінікті жауаптар алып, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді тетіктерімен танысты. Атап айтқанда, шоттарға тыйым салу және оларды бұғаттау мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік, тұрғын үй, отбасылық және еңбек қатынастары бойынша қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді.
Азаматтардың құқықтық ақпаратқа қол жетімділігін арттыру және цифрлық трансформация шеңберінде азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агент чат-ботының және «AdiletGov» қосымшасындағы «Тараптар кабинетінің» жұмысы насихатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1212661?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді