«Жасыл әлемге алғашқы қадам: балабақшадағы үлкен еңбек»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Аққулы ауданының «Айналайын» сәбилер бақшасында «Жасыл балабақша» жобасы табысты жүзеге асырылуда. Жоба аясында тәрбиеленушілер табиғатты аялауға, еңбекке баулуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде. Қазіргі таңда балабақша аумағында бүлдіршіндер 50-ден астам көкөніс түрін, 15 түрлі гүлді күтіп-баптап өсіріп жатыр. Балалар көкөністер мен жеміс-жидектерді егу, суару, күту жұмыстарын өз қолдарымен атқарып, табиғатпен етене жақын танысуда. Бұл олардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастырады. Сонымен қатар, жоба балалардың денсаулығын нығайтуға, дұрыс тамақтану мәдениетін үйренуіне де оң ықпалын тигізуде.

«Жасыл балабақша» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл жұмыстар – өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің жарқын үлгісі. Осындай игі бастамалар арқылы балалар табиғатты қорғаудың маңызын ерте жастан түсініп, оны аялауға үйренеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/1212635?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді