
Жетісу облысында 7 мыңнан астам балаға вакцина егілді
Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Сыртқаттанушылыққа күнделікті мониторинг енгізілген, әрбір жағдай бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі, байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынады.
Жыл басынан бері инфекцияның 131 ошағында 13 мыңнан астам адам медициналық бақылауға алынған. Жоспарлы және қосымша вакцинация жүргізілуде: иммундаумен қамту жыл сайын 40 мыңнан астам баланы құрайды.
Вакцинациядан бас тарту ауыр салдарға, соның ішінде мүгедектік пен өлім жағдайларына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты медициналық қызметтер халықты профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесін сақтауға және вакцинациядан уақтылы өтуге шақырады.
Қосымша ақпаратты egu.kz сайтынан немесе 7701 телефоны арқылы алуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1212628?lang=kk

Жауап қалдыру