«Қаралы сәуір: Чернобыль жаңғырығы» және «1 мамыр – Бірлік күні» тақырыптарында кітапханашылармен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының кітапханашылары арнайы келіп, мазмұнды дәріс өткізді.

Кездесу барысында Чернобыль апатының салдары, оның адамзатқа тигізген зардабы, сондай-ақ бейбітшілік пен бірліктің маңызы кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар тарихи деректермен танысып, тағылымды мәліметтер алды.

Жиынға ТЖД-нің жеке құрамы қатысып, маңызды тарихи оқиғалар мен бірлік құндылығы туралы кең мағлұмат алып, дәріспен сусындап қайтты.

Мұндай шаралар қызметкерлердің дүниетанымын кеңейтіп, патриоттық рухын арттыруға ықпал етеді.

Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1212627?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді