Жол қозғалысы қағидаларын сақтау бойынша профилактикалық семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті тарапынан Полиция департаментінің өкілі — полиция лейтенанты Кенжегалиев Н.Б.-мен бірлесіп семинар өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

Жол қозғалысы қағидаларын сақтамау тек құқық бұзушылық қана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу ретінде қарастырылатыны, бұл өз кезегінде қоғамның мемлекеттік органдарға деген сеніміне нұқсан келтіруі мүмкін екендігіне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік қызметшілер жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін, оның ішінде материалдық шығынға немесе денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соққан жағдайларда, сондай-ақ мас күйінде көлік құралын басқару нәтижесінде ауыр зардаптарға әкелген құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны атап өтілді.

Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1212496?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді