
Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары М.А. Музатова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Құқықтану» мамандығы студенттеріне «Азаматтық құқық» пәні бойынша «Зияткерлік меншік құқығы» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
🔹Дәріс барысында студенттерге зияткерлік меншік саласындағы заңнаманың негізгі ережелері, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау мәселелері, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесінің ерекшеліктері түсіндірілді.
🔹Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тетіктеріне, жекелеген зияткерлік меншік объектілерін тіркеу тәртібіне және осы саладағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
🔹Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық қолдану аспектілері бойынша пікір алмасты.
🔹Дәріске қатысқан студенттер аталған салаға қатысты өзекті сұрақтар қойып, кәсіби пікірлерімен бөлісті.
✅Мұндай кездесулер білім алушылардың теориялық білімін практикалық тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1212672?lang=kk

Жауап қалдыру