Наурызбай ауданындағы білім беру серпілісі: Сәуір айында екінші ірі мектеп ашылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жайлы мектеп» (Келешек мектептері) ұлттық жобасы аясында Алматы қаласының Наурызбай ауданында (Шұғыла ы/а) жаңа №223 жалпы білім беретін мектеп өз есігін айқара ашады. 1200 орынға лайықталған бұл білім ошағы мегаполистің қарқынды дамып келе жатқан ауданындағы оқушы орнының тапшылығын шешудегі маңызды қадам болмақ.

Алматы қаласының Наурызбай ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қарқыны үдеп келеді. Осы айдың басында пайдалануға берілген №41 мектептен кейін, бүгін тағы бір зәулім білім ошағы — салтанатты түрде ашылып отыр.
Бір ай ішінде екі ірі мектептің іске қосылуы — аудандағы оқушы орны тапшылығын жоюға бағытталған қала әкімдігі мен білім басқармасының жүйелі жұмысының нәтижесі.

№223 мектеп — бұл жай ғана оқу орны емес, жалпы аумағы 21 мың шаршы метрден асатын жоғары технологиялық білім беру хабы. 1143 оқушының игілігі үшін соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған 63 оқу кабинеті жұмыс істейді.
XXI ғасыр дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Мектепте келесі орталықтар ашылды:
Мамандандырылған зертханалар: Нанотехнология, биотехнология, робототехника және STEM орталығы.

Шығармашылық шеберханалар: Қыздарға арналған «Дизайн және технология» мен «Тамақтану мәдениеті», ұлдарға арналған «Үй мәдениеті» шеберханалары.
Өнер кеңістігі: Ән мен күй (домбыра) кабинеттері және хореография залы.
Зияткерлік демалыс: 44 орындық оқу залы бар кітапхана және заманауи коворкинг алаңы.
Мектептің спорттық инфрақұрылымы кәсіби стандарттарға сай. Ғимарат ішінде бір үлкен және екі кіші спорт залы орналасқан. Мектеп аумағында футбол, баскетбол, волейбол алаңдары мен теннис корты қамтылған толыққанды спорт кластері құрылған.

Балалар қауіпсіздігі — басты басымдық. Мектеп Face ID интеллектуалды қолжетімділік жүйесімен, 10 турникетпен және қауіпсіздік жүйелерімен біріктірілген 67 бейнебақылау камерасымен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен оқушылардың ыңғайлы қозғалысы үшін заманауи жеделсаты орнатылған.

Мектеп директоры Жеңіскүл Иманғалиқызы Сатаеваның жетекшілігімен 70 мұғалімнен тұратын мықты педагогикалық ұжым жасақталды. Мұғалімдердің 60%-дан астамы — жоғары біліктілік санаттағы мамандар (зерттеушілер, сарапшылар және модераторлар).

Өтетін күні мен уақыты: 30 сәуір 2026ж. Сағат 10.00
Өтетін орны: Шұғыла ш/а, С.Жүнісов 2/41

Сұрақтар бойынша: Асан Куанов, 87759894746

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1212671?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді