
1-3 мамыр аралығында Қытайдың Сиань қаласында көркем жүзуден (синхронды) әлем Кубогының үшінші кезеңі өтуде, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Байрақты бәсекеге 21 елден 150-ге жуық атлет қатысуда. Ел намысын бұл жарыста 20 спортшы қорғап жатыр.
Доданың алғашқы күнінде отандастарымыз жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, Виктор Друзин жекелей сындағы техникалық бағдарламада үздік үштікті түйіндеді.
Сондай-ақ дәл осы сайыста Алдияр Рамазанов 4-орынға тұрақтады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1213033?lang=kk

Жауап қалдыру