🔰 КЕЛЕС: «АБАЙ» АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Үстіміздегі жылдың 29-30 сәуір аралығында Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты “Абай” Келес аудандық орталық ауруханасына жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
🔹 Тесеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мадина Сейдуалықызы “Абай” Келес аудандық орталық ауруханасының еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып:
– қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы;
– мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету;
– еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1213273?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді