
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні.
Бұл мереке елімізде өмір сүріп жатқан барлық этностар арасындағы достықты, келісімді және өзара құрметті айшықтайды. Дәл осы бірлік Қазақстанды қуатты, тұрақты әрі гүлденген мемлекет етеді.
Этносаралық келісім мен халық бірлігін нығайтуда облыстың этномәдени бірлестіктері ерекше рөл атқарады, олар өз этностарының тілін, дәстүрлерін және мәдени мұрасын ұқыпты сақтайды.
Өздерінің белсенді қызметі, бастамалары мен қоғамдық өмірге қосқан үлесі арқылы өңірде бейбітшілік пен келісімді, рухани байлықты сақтауға зор үлес қосуда.
Этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық пікір көшбасшыларының еңбегінің арқасында қоғамда өзара түсіністік, құрмет пен бірлік атмосферасы нығая түсуде. Бұл — еліміздің одан әрі дамуы мен өркендеуінің берік негізі.
Бірлік пен келісім әрдайым басты құндылықтарымыз болып қала берсін! Әр шаңыраққа амандық, татулық және жарқын болашақ тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/1213275?lang=kk

Жауап қалдыру