
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – біздің ең басты байлығымыз болып табылатын татулық пен сенімнің символы. Халқымыз «Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді. Шынында да, ауызбіршілігі мықты елдің алмайтын асуы, бағындырмайтын белесі жоқ.
Бүгінде біздің ауданымызда 29-дан астам этнос өкілдері бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тату-тәтті өмір сүруде. Түрлі мәдениет пен салт-дәстүрдің тоғысқан ортасына айналған Келес өңірінде этномәдени бірлестіктер мен Ақсақалдар кеңесінің атқарып отырған жұмысы осы ынтымақтың берік іргетасы іспетті.
Ардақты ағайын!
Әрбір азамат өз шаңырағының ғана емес, туған жерінің, Отанының болашағына жауапкершілікпен қарағанда ғана іргеміз бүтін болмақ. Біздің күшіміз — бірлікте!
Осынау шуақты мерекеде әр шаңыраққа бақ пен береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, бірлігіміз мәңгілік болсын!
Мереке құтты болсын, ағайын!
Құрметпен, Жәнібек Ағыбаев
Келес ауданының әкімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1213592?lang=kk

Жауап қалдыру