
Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес, азаматтар жеке куәлік пен паспортты жедел тәртіппен ала алады. Төлем мөлшері жеделдік санатына және өтініш берілген орынға байланысты белгіленеді.
Осыған байланысты төмендегідей тарифтер қарастырылған:
- Жеделдік санаттары:
– Облыс орталықтары үшін: 1-санат бойынша (3 жұмыс күні) — 3 493 теңге, 2-санат бойынша (5 жұмыс күні) — 1 835 теңге;
– Аудан орталықтары үшін: 3-санат бойынша (7 жұмыс күні) — 703 теңге.
- Мемлекеттік баж салығы:
– ҚР азаматының паспорты: 24 бет (16 жасқа дейінгі балаларға) — 17 300 теңге, 36 бет — 34 600 теңге, 48 бет — 51 900 теңге;
– Жеке куәлік: стандартты рәсімдеу — 865 теңге, жыл ішінде екі реттен артық жоғалтқан жағдайда — 4 325 теңге.
Белгіленген тәртіпті сақтау және уақытылы жүгіну азаматтарға күту уақытын қысқартып, дайын құжаттарды барынша тезірек алуға мүмкіндік береді.
Дереккөз: ШҚО ПД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1213593?lang=kk

Жауап қалдыру