Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті ұсыну тәртібі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) келісіні хабарлайды.

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 782 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер енгізілді.

     2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушілер жаңартылған Қағидаларды және есептілік нысандарын толтыруға қойылатын жаңа талаптарды басшылыққа алуы қажет, атап айтқанда:

  • Есептелік нысаны10.1 – «Мұнай және (немесе) газ конденсаты экспорты»;
  • Есептелік нысаны10.2 – «Тауарлар экспорты»;
  • Есептелік нысаны 10.3 – «Орындалған жұмыстардан және (немесе) көрсетілген қызметтерден түсетін кірістер бойынша халықаралық іскерлік операциялар»;
  • Есептелік нысаны10.4 – «Берілген қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар»;
  • Есептелік нысаны 20.1 – «Тауарлар импорты»;
  • Есептелік нысаны 20.2 – «Алынған жұмыстардың және (немесе) қызметтердің шығыстары бойынша халықаралық іскерлік операциялар»;
  • Есептелік нысаны20.3 – «Алынған қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар».

     Есептілік нысандарын ұсыну тек электрондық түрде жүзеге асырылады.

     Қазіргі уақытта Комитет тарапынан ИСНА АЖ-де есептілікті электрондық форматта қабылдау функционалын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тиісті функционалды іске қосу жуық арада жоспарланып отыр.

     Осыған байланысты Қағидалардың 4-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, техникалық қателер анықталған жағдайда, Комитет есептілік нысандарын ұсыну мерзімін белгіленген мерзімнен бастап алты айдан аспайтын кезеңге, атап айтқанда 2026 жылғы 15 қарашаға дейін ұзартады.

    Осылайша, ИСНА АЖ-нің техникалық дайын болмауына байланысты есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары мен айыппұл санкциялары қолданылмайды.

     ИСНА АЖ-де есептілік нысандары іске қосылғаны туралы Комитет мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-ресурстар платформасында, Комитеттің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында (Instagram, Telegram және т.б.) және ескі салық төлеуші кабинетінде қосымша хабарлайтын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1213574?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді