
Бүгін ALTAI TV телеарнасының тікелей эфирінде маңызды сұхбат өтті. Кездесудің басты қонағы — Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Әбілқайыров.
Сұхбат барысында өңірдегі еңбек заңнамасының сақталуы, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Негізгі тақырыптар: Еңбек дауларын шешу жолдары; Жұмыс берушілердің жауапкершілігі; Өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу.
Департамент өкілі азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, заң аясындағы кеңестерімен бөлісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1213575?lang=kk

Жауап қалдыру