Мерейтой 80!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері Қалқаман Хасенұлы Жақыпты мерейлі 80 жасымен құттықтады.

Қалқаман Хасенұлы саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған тұлға. Қарапайым ауылдан басталған өмір жолы қажырлы еңбек пен табандылықтың арқасында биік белестерге ұласты.  300-ден астам ғылыми еңбегі ұлтаралық қатынастар, мемлекеттік тіл, тарих, мәдениет және қоғам дамуы мәселелеріне арналды.

Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде ел бірлігі мен татулығын нығайту жолында жас буынға зор өнеге көрсетіп келеді.

Ел ағасы спорт саласында да бірқатар жетістіктерге жетті. Түрлі деңгейдегі марафондарға қатысып, мыңдаған шақырымды бағындырып жүр.

«Құрметті Қалқаман Хасенұлы, сізге және жан жарыңыз Дәмеш Сақтағанқызына ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, қуанышты күндерді бірге өткізе берулеріңізге тілектеспін», – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Мемлекет тарапынан Қалқаман Жақыптың еңбегі жоғары бағаланып, түрлі наградаларға, соның ішінде «Құрмет» орденіне ие болды. Бүгін аймақ басшысы мерейтой иесіне шынайы алғысын білдіре отырып, «Ыбырай Алтынсарин» арнайы төсбелгісімен марапаттады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1213573?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді