SARAISHYQ MARATHON 2026: 700-ден астам қатысушы бақ сынады
Бүгін Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен және RunclubAtyrau жүгіру клубының ұйымдастыруымен Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылдық округінде республикалық деңгейдегі жүгіру марафоны өтті.
Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен, соның ішінде Орал, Ақтөбе, Ақтау қалаларынан келген спортшылармен қатар, өзге ұлт өкілдері де қатысып, жалпы саны 700-ден астам адам жиналды. Олардың қатарында 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар.
Қатысушылар 3, 5, 10 және 21 шақырым қашықтықтарда бақ сынады.
Марафонға облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, жарысқа ресми түрде старт берді.
Жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар арнайы марапаттарға ие болды.
Іс-шара аясында қатысушылар мен қонақтарға көне Сарайшық қалашығының тарихы таныстырылып, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына экскурсия ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнершілердің өнімдері қойылған көрме өтіп, ұлттық бұйымдар мен кітаптар көпшілік назарына ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sport/press/news/details/1213678?lang=kk

Жауап қалдыру