«Таза Қазақстан»: Ақтауда 13-шағын аудан тұрғындары сенбілікке шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтаулықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясына белсенді түрде қатысуда. Аталған игі бастама аясындағы кезекті сенбілік шарасы Ақтау қаласының 13-шағын аудан №23 тұрғын үйде өтті.

Бұған дейін де өз күштерімен аула аумағын көгалдандырып, көркейту жұмыстарын қолға алған тұрғындар бұл жолы да ауызбіршілік танытып, тазалық шараларына бір кісідей атсалысты. Сенбілік барысында аула аумағы қоқыстан тазартылып, ағаштардың түбі қопсытылды, сондай-ақ жиектастар сырланды.

– Әрбір тұрғын өз ауласын күтіп, көгалдандыруға үлес қосса, Ақтау қаласының жасыл әрі көрікті мекенге айналатынына сенімім мол. Осы орайда «Таза Қазақстан» бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, барша ақтаулықтарды тазалық шараларына шақырамын, – деді 13-шағын аудан, №23 үй мүлік иелері бірлестігінің төрайымы Елена Петровна.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1213931?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді