Жарқайың ауданының орталық алаңында достық, бейбітшілік пен келісім мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік бағдарлама ауданымызда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың маңыздылығын паш етті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков тұрғындарды мерекемен құттықтап, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген азаматтарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Бұл күні орталық алаң нағыз бірліктің символына айналды: мұнда түрлі этнос өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарынан дәм ұсынып, мәдени дәстүрлерін көрсеткен «Достық дастарханы» жайылды. Мерекелік атмосфераны шығармашылық ұжымдардың өнері, халық әндері, ұлттық ойындар мен билер толықтырып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бірлік күні Қазақстанның күші – оның алуан түрлілігі мен тұтастығында екенін тағы бір мәрте айқындап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/1213277?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді