Alikhan Bokeikhan University-де «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы» дәріс өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Alikhan Bokeikhan University-де «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы» дәріс өтті. Абай облысы Сараптамалық кеңесі қызметінің аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Alikhan Bokeikhan University-де «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Студенттерге Қазақстандағы Омбудсмен институты, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктері және өңірлік өкілдік жұмысының негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді. Дәріс барысында азаматтар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, заңға бағынушылық, парасаттылық және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттары «Адал азамат» идеалдары аясында талқыланды. Сондай-ақ, жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі мәселелеріне ерекше тоқталды.

Бұдан бөлек, әйелдер құқығын қорғау, бейбітшілікті, қоғамдық тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу мен реттеу процестеріндегі олардың рөлі туралы мәселелер қарастырылды.

Кездесу соңында болашақ мамандардың құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттік құқық қорғау институттары мен студенттік қауымдастық арасындағы байланысты нығайту мақсатында алдағы уақытта да бірлесе әрекет етудің маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1214471?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді