
Елорда полицейлері Қазақстан Республикасының темекі өнімдері мен кальян қоспаларын белгіленбеген орындарда тұтынуға тыйым салу туралы заңнамасының бұзылуын анықтауды жалғастыруда.
Жыл басынан бері темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальян темекісін, кальян қоспаларын, темекіні қыздыру жүйелерін тұтынуға тыйым салу туралы 3500-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді.
Соңғы тәулікте жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Ұлы Дала көшелерінің бірінде орналасқан мекемеде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы 2-бөлігі бойынша құқық бұзушылық анықтады. Сондай-ақ, мекеме темекі өнімдерін шегуге тыйым салынған орындарда қызмет көрсеткені үшінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Елімізде қоғамдық орындарда, дәмханаларда, мейрамханаларда, клубтарда, демалыс орындарында және көшелерде кальян шегуге толық тыйым салынған.
Елордалық Полиция департаменті азаматтарды қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға және қоғамдық орындарда тыйым салынған заттарды тұтынбауға шақырады.
Кальян шегу – сәнді әдет емес, ол сіздің өміріңізге тікелей қауіп төндіреді. Әр адам өз денсаулығына жауапты екенін естен шығармауы тиіс. Ең бастысы – салауатты өмір салтын таңдап, өзіңізді және болашағыңызды қорғаңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1214472?lang=kk

Жауап қалдыру