
Кездесу барысында мемлекеттік қызметті жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Айкымбеков Е. М. мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалар мен негізгі өзгерістер туралы кеңінен баяндап, оның тиімділігін, ашықтығын және азаматтарға бағдарлануын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Мырзабеков Сабыр Әділбекұлы өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын атап өтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру мәселелеріне тоқталды.
Аудан әкімі Курмамбаев Р. Т. бұл бағыттағы жүйелі және кезең-кезеңімен жүргізілетін жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, ашықтық, адалдық және қоғамға қызмет ету қағидаттарын нығайтудың қажеттігін айтты.
Аудан әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Аскарова Ж. А. аудан көлемінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға бағытталған іс-шараларға тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және заңдылық пен ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ету бағытында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1214766?lang=kk

Жауап қалдыру