
Тазалық – ортақ міндет: Тәртіп бұзғандар жауапқа тартылады
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өңірде елді мекендердің санитарлық жай-күйіне бақылау күшейтілді. Полиция қызметкерлері көшелерді, саябақтар мен гүлзарларды ластау фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес:
• Бірінші рет бұзғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген;
• Қайталап бұзғаны үшін — 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар белгіленген.
Облыста құқықбұзушылықтарды тәулік бойы тіркейтін 7 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.
Жыл басынан бері 500-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
ШҚО Полиция департаменті қаламыздың тазалығы — тек коммуналдық қызметтердің жұмысы емес, әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігі екенін ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1214767?lang=kk

Жауап қалдыру