Хабарландыру

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану басқармасы мүдделі тұлғалардың назарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 258 «Балық шаруашылығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ 2026 жылдың мамыр – маусым айларында конкурс өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Конкурс Павлодар облысының аумағында балық шаруашылығын жүргізу үшін резервтік балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша өткізіледі. Конкурс e-Qazyna интернет-порталы арқылы өткізілетін болады.

Мүдделі тұлғалар су айдындарының тізбесімен және конкурсқа қатысу шарттарымен «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-нің ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісіндегі zemb_inspekcia.rh парақшасында таныса алады.

Конкурсты өткізу мерзімдері, қатысу шарттары, өтінімдерді беру тәртібі және конкурстық құжаттама бойынша барлық сұрақтармен «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-не 8 (7182) 61-08-99, 8 (7182) 61-08-84 телефондары арқылы хабарласу қажет.

Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімі

№

Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы

Координаттары көрсетілген орын

Ауданы, гектар

Шаруашылық қызметтің ұсынылатын түрі

Бекітіп беру мерзімі

1

2

3

4

5

6

Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары

1

ГРЭС-1 су қоймасы, № 1 балық шаруашылығы учаскесі

Екібастұз қаласынан

солтүстікке қарай 16 км жерде

N 51°52′44.3″ Е 75°24′03.1″,

N 51°51′05.1″ Е 75°23′53.2″,

N 51°51′21.3″ Е 75°24′49.6″,

N 51°52′41.6″ Е 75°25′22.1″

388

тор қоршама шаруашылық қызметі

10 жыл

2

ГРЭС-2 су қоймасы, № 1 балық шаруашылығы учаскесі

Екібастұз қаласынан

солтүстікке қарай 42 км жерде

N 52°01′52.2″ Е 75°26′52.2″,

N 51°59′55.8″ Е 75°22′38.5″,

N 52°01′17.0″ Е 75°21′35.3″,

N 52°02′06.3″ Е 75°24′20.9″

1175

тор қоршама шаруашылық қызметі

10 жыл

3

Тлеуберды көлі

Аққулы ауданы

Шарбақты кентінен 3 км жерде

N 51022’03’’ E 78012’22’’

230

көл-тауар шаруашылық қызметі

10 жыл

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/press/news/details/1214716?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді