«НАШАҚОРЛЫҚ ҒАСЫР ДЕРТІ, ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қоғам ауыл округіндегі ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен жастардың денсаулығын басты орынға қоя отырып, құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлескен маңызды жиын өтті. Кездесу барысында нашақорлыққа, оның ішінде жастар арасында белең алған синтетикалық есірткілерге қарсы күрестің жаңа тетіктері талқылқыланды.

Ведомствоаралық іс-қимылды жандандыру арқылы біз полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі бизнесінің жолын кесуге және жасөспірімдер арасындағы жат қылықтардың алдын алуға күш саламыз. Синтетикалық заттардың адам ағзасына зияны мен оның заңсыз айналымы үшін қарастырылған қатаң жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары бұдан былай ауылымызда тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Қоғам болып жұмылып, тәртіп сақшыларымен тығыз байланыста жұмыс істеу — жарқын болашақтың кепілі. Біздің басты мақсатымыз — Елімізді  есірткіден азат, салауатты қоғамға айналдыру!

#ЕсірткігеЖолЖоқ #ПолицияМенХалықБірге #СалауаттыБолашақ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1214908?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді