Маңғыстау облысында есірткі өсіруге арналған фитозертхана анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Маңғыстау облысында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі өсіруге байланысты заңсыз әрекет әшкереленді.

     Мұнайлы ауданындағы елді мекендердің бірінде орналасқан жеке тұрғын үйге жүргізілген тексеру барысында аулада есірткіге ұқсас өсімдіктерді жою әрекеті кезінде екі азамат ұсталды.

     Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы жүргізген тінту барысында шаруашылық құрылысының ішінен арнайы жабдықталған есірткі өсіру зертханасы анықталды. Атап айтқанда, фитолампалар, су сүзгілері, сұйық тыңайтқыштар, электр генераторлары және қарасора өсімдігі тәркіленді.

     Сонымен қатар өзге шаруашылық құрылысынан фольгаға оралған марихуанаға ұқсас заттың 15 данасы, электронды таразы, есірткіні қолдануға арналған құрылғылар мен ноутбук табылды. Үй аумағынан қосымша өсірілген өсімдіктер де анықталды.

     Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 30 келі 840 грамм марихуана екені белгілі болды.

     Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі және 300-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық істер тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1215707?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді