ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: КОНСТИТУЦИЯДАН ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ ДЕЙІН
Ақтөбе қаласында мемлекеттік тіл саясатын құқықтық және цифрлық тетіктер арқылы тиімді іске асыруға бағытталған маңызды семинар өтті.
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның басты мақсаты – тіл заңнамасын тәжірибеде қолдану, көрнекі ақпараттың заңға сәйкестігін қамтамасыз ету және ЕРАП жүйесінде жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Семинарға облыс және қала деңгейіндегі тіл саласының мамандары, бөлім басшылары мен жауапты қызметкерлер қатысты.
Басқарма басшысы Амангелді Қонақбаев мемлекеттік тілдің маңызы мен оны іске асырудағы цифрлық жүйелердің рөліне тоқталды.
Іс-шара барысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 75 және 455-баптарын қолдану тетіктері түсіндіріліп, ЕРАП жүйесінде жұмыс жүргізу алгоритмдері нақты мысалдармен көрсетілді.
Тәжірибелік бөлімде қатысушылар арыз-өтініштерді тіркеу, қарау және шешім қабылдау кезеңдерін іс жүзінде орындады.
Сонымен қатар, өңіраралық тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, тиімді тәсілдер мен нақты кейстер ұсынылды.
Нәтижесінде қатысушылар құқықтық нормаларды тиімді пайдалану және цифрлық жүйелермен жұмыс жүргізу бойынша білімдерін жетілдірді.
Жауап қалдыру