
Экскурсия жоғары қызығушылық тудырды: қатысушылар тарихи экспонаттармен мұқият танысып, гидке мазмұнды сұрақтар қойып, белсенділік пен шынайы қызығушылық танытты. Іс-шара барысында орындалған патриоттық әндер ерекше әсер сыйлап, кездесудің маңыздылығын арттыра түсті.
Шараның маңызды сәттерінің бірі — қыздардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын 🇰🇿 мақтанышпен ұстауы болды. Бұл олардың ұлттық құндылықтарға, ел тарихы мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметін айқын көрсетті.
Аталған экскурсия жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, патриоттық санасын арттыруға және рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-udr/press/news/details/1215917?lang=kk

Жауап қалдыру