
Абай облысы Полиция департаментінің Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының ұйымдастыруымен қызметтік қарудан ату бойынша облыстық іріктеу жарысы өткізілді. Оның негізгі мақсаты – маусым айында Талдықорған қаласында өтетін Ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысатын облыстық құрама команданы анықтау болды.
Бұл байқауға облыстың барлық құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен барлығы 34 қызметкер қатысты.
Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсете отырып, әрбір атылған оқпен мергендіктерін дәлелдеді.
Жеке жарыс нәтижелері төмендегідей анықталды:
Макаров тапаншасынан ату:
Ерлер арасында:
І орын – Қусман Әділ (Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы)
ІІ орын – Тілекенов Әсет (Оқу-жаттығу взводы)
ІІІ орын – Увасилов Мухитбек (Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы)
Әйелдер арасында:
І орын – Еркін Макпал (Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы)
ІІ орын – Апсалямова Жанаргул (Бесқарағай АПБ)
ІІІ орын – Қинайтқызды Динара (Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы)
Калашников-74 автоматынан ату:
І орын – Сексенбаев Айдос (Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы)
ІІ орын – Нурмухамбетов Медет (Оқу-жаттығу взводы)
ІІІ орын – Касымов Касымжан (Үржар АПБ)
Командалық жарыс:
І орын –Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы
ІІ орын – Оқу-жаттығу взводы
ІІІ орын – Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен ЖКАЖ құрама командасы Қазақстан чемпионатына қатысуға ұсынылды. Жеңімпаздар медальдармен және грамоталармен марапатталып, өз кәсіби шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Аталған шара облыстық полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындығын арттыруға, командалық рухты нығайтуға және спорттық белсенділікті дамытуға бағытталған маңызды іс-шара болып саналады. Мұндай жарыстар қызметкерлердің кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай, олардың өзара ынтымақтастығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1215828?lang=kk

Жауап қалдыру