Абай облысында полицейлер “Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу” тақырыбында студенттерге қауіпсіздік сабағын өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жастар – қоғамның болашағы, елдің зияткерлік және әлеуметтік әлеуетінің негізі. Сондықтан да жастар арасында нашақорлықтың алдын алу – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы тұрғыда құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелері бірлесе отырып, жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

👮‍♂️Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Үкіжанов Думан Шәкәрім атындағы университеттің 3 курс студенттерімен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған қауіпсіздік сабағын өткізді.

‼️Кездесу барысында нашақорлықтың алдын алу мәселелері жан-жақты қарастырылып, есірткі заттарын қолданудың адам ағзасына тигізетін зияны ғылыми және практикалық тұрғыда түсіндірілді. Сонымен қатар, есірткіге тәуелділіктің тек жеке адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасы мен қоғамдағы орнына да кері әсер ететіні атап өтілді. Қатысушыларға есірткі қылмыстарына қатысты заңнама талаптары кеңінен түсіндіріліп, құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік шаралары нақты мысалдар арқылы жеткізілді.

🚨Іс-шараның маңызды аспектілерінің бірі – жастардың саналы ойлау қабілетін қалыптастыру және олардың өмірлік құндылықтарын дұрыс бағытта дамыту болды. Спикер студенттерді өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, бос уақытты тиімді пайдалануға және зиянды ортадан аулақ болуға шақырды. Салауатты өмір салтының артықшылықтары, спорт пен белсенді өмірдің маңызы ерекше атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1215826?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді