ШҚО-да батыр Ер Жәнібекті еске алуға арналған XX республикалық семсерлесу турнирі өтіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстанда Ер Жәнібек есімін ұлықтауға арналған XX республикалық семсерлесу турнирі өтіп жатыр. Жарысты өткізу бастамасын Ер Жәнібектің ұрпақтары көтерген.

Турнирдің өтуіне ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ШҚО Семсерлесу федерациясы мұрындық болды.

Ашық турнирде юниорлар мен кадеттер өз шеберліктерін паш етуде. 2-8 мамыр аралығында болатын дода облыс орталығындағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында ұйымдастырылған.

Жылдар бойы бұл турнир қалалық деңгейден республикалық деңгейдегі ірі спорт шарасына айналды. Биыл жарысқа еліміздің алты өңірінен 295 спортшы қатысуда, сондай-ақ Қырғызстан құрамасы да шақырылған.

Қатысушылар юниорлар мен кадеттер арасында «рапира» және «шпага» жарыс түрлерінен сынға түсуде, жігіттер мен қыздар жеке-жеке бақ сынап жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жарыстың ресми ашылу салтанатына қатысты.

«Осындай турнирлер тек жаңа спортшылардың есімін әйгілеп қана қоймай, олардың бойына тәртіп, жауапкершілік және ел тарихына деген құрмет сезімін қалыптастырады. Көптеген қатысушы үшін бұл жарыс үлкен жетістіктерге жол ашатын алғашқы қадам болады деп сенемін», – деді аймақ басшысы.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1215915?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді