СҚО полицейлері квадроциклдерге мінеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отан қорғаушылар күніне орай Солтүстік Қазақстанда жедел қызметтердің автопаркі жаңартылды. Облыс бойынша жедел уәкілдердің, криминалистердің, тергеушілер мен анықтаушылардың қызметіне әртүрлі үлгідегі 80 «Kia» және «Hyundai» автокөлігі берілді.

Сонымен қатар, СҚО-да патрульдік полиция қызметкерлері алғаш рет «V-Twin» маркалы 4 квадроцикл алды. Жол талғамайтын техника автокөлік бара алмайтын аумақтарда қызмет атқаруға арналған.

Екі квадроцикл Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонына саяжай алқаптарында жұмыс істеу үшін берілді. Тағы екеуі Айыртау ауданындағы туристік полиция қызметкерлерінің пайдалануына тапсырылды.

Жаңа қызметтік көліктердің кілттерін тәртіп сақшыларына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, облыстық полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов, өңірдің бас прокуроры Қайрат Абдыханов және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Рүстем Неталиев табыстады.

Абай Жүсіпов жедел бөлімшелер қызметкерлері күн сайын жеке тұлғаға қарсы қылмыстармен, ұрлықтармен күрестің алдыңғы шебінде жүріп, есірткі тарату мен интернет-алаяқтық схемаларына тосқауыл қойып келе жатқанын атап өтті. Бұл — олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1215913?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді