
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында облыстық полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов, бөлімше басшылары, жеке құрам және ведомство ардагерлері Қарасай мен Ағынтай батырлар ескерткіші алдындағы алаңға жиналды.
Тәртіп сақшылары облыс және Петропавл қаласының басшылығымен бірге қазақ халқының даңқты батырлары — ел қорғаған қаһармандарға гүл шоқтарын қойды.
Жерлестердің ерлігіне тағзым етіп қойылған гүлдер — олардың батырлығына көрсетілген құрмет пен Отан қорғаушылар буындарының сабақтастығының белгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1215912?lang=kk

Жауап қалдыру