
Балықты өзенінің бойындағы Еркін округі аумағында орналасқан шаруа қожалықтары басшылары, Балқаш–Алакөл су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясының өкілдерімен, Талдықорған қаласының табиғат қорғау полициясының қызметкерлерімен, Талдықорған қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарымен және Еркін ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарымен жиыны өтті. Шаруа қожалықтарының басшыларына егіс алқаптарын суару мақсатында Балықты өзенінен су алуға арнайы рұқсат құжатын ресімдеу қажеттілігі түсіндірілді, рұқсат құжаты болмаған жағдайда ҚР Заңына сәйкес әкімшілік айыппұл қарастырылғаны туралы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan-erkin/press/news/details/1216326?lang=kk

Жауап қалдыру