ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Арыс қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Қарулы Күштерінің 34 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Қала әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, Арыс ауданының прокуроры Алмас Арыстанбеков, Арыс гарнизоны бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы, полковник Қасымхан Жұмағұлов ардақты ардагерлермен бірге майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт заманда дүниеден озған ардагерлердің рухына тағзым ретінде гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылып, жиналғандар бір минут үнсіздікпен еске алды.
Одан кейін, қорғаныс саласының қызметкерлері Мемлекеттік Туды сахнаға салтанатты жағдайда әкеліп, мерекелік іс-шара Әнұранмен ашылды.
Қала әкімі Қайсар Зәкірұлы мен мәслихат төрағасы Қайрат Төрегелдіұлы құттықтау сөз сөйлеп, қызметтік борышын үлгілі атқарған, жоғары кәсіби біліктілігі, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне, сондай-ақ қаламызды көгалдандыруға қосқан қомақты үлесі әскери сала қызметкерлері салтанатты түрде марапатқа ие болды.
Әрі қарай, Жеңістің 81 жылдығы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл толуына орай, қалалық хор ұжымдары арасындағы патриоттық ән байқауымен қорытындыланды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1216578?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді