
9 мамыр күні Ұлы Жеңістің күніне орай аудандық мәслихаттың төрағасы Тұғыл ауылында тұратын тыл ардагерімізді арнайы құттықтап барды.
Кездесу барысында ардагерге жылы лебіздер мен ізгі-тілектер айтылып, мерекелік сый-сияпат табысталды. Аудандық мәслихаттың төрағасы Өмірхан Әйкенұлы ардагердің өмір жолымен танысып, еңбегіне құрмет көрсетті.
Ардагерлеріміздің ерлігі мен еңбегі – әрдайым ұрпақ жадында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1217154?lang=kk

Жауап қалдыру