
Майндағы Франкфурт, 2026 жылғы 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Hauptfriedhof аумағында орналасқан мемориалда Қазақстан Республикасының Бас консулдығы қызметкерлерінің қатысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың ерлігіне тағзым жасалды.
Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Бас консулы Таубалды Умбетбаев Қазақстан халқының Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тарихи рөліне ерекше тоқталды. Өз сөзінде ол Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі орасан зор болғанын атап өтті.
«Соғыс жылдары Қазақстаннан миллионнан астам адам майданға аттанды. Қазақ жері майданды азық-түлікпен, өндірістік ресурстармен қамтамасыз етіп, жүздеген мың эвакуацияланған азаматтарды қабылдады. Қазақстандық жауынгерлер ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Біз олардың жанқиярлығын әрдайым есте сақтауымыз керек», – деді Бас консул.
Сондай-ақ, дипломат Жеңіс күні – бейбітшілік пен бірліктің, тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды символы екенін атап өтті.
Мұндай тағзым шаралары тарихи әділеттілікті сақтау мен жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде ерекше маңызға ие.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-frankfurt/press/news/details/1217155?lang=kk

Жауап қалдыру