Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай гүл шоғын қою рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұрпақтың еске алуы мен құндылықтардың сабақтастығы – бұл жанқиярлықпен жеңiске жеткен майдангерлердiң алдындағы қасиеттi борышымыз.

Ұлы Жеңіс күні – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен қажыр-қайратын танытқан айтулы мереке. Бүгінгі ұрпақтың аталар сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні.

Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков пен мәслихат аппаратының қызметкерлері Жеңіс күніне орай, ерлікпен құрбан болған жауынгерлердің құрметіне Жаңатас қаласындағы «Даңқ» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Құрбан болған батырлардың құрметіне бір минуттық үнсіздікпен еске алудан кейін, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Бейбіт өмір мен ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің жанкешті ерлігі мен еңбегі жадымыздан ешқашан өшпек емес.

Адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында тағзым етеміз. Отан үшін от кешкен, туған жерді жанындай қорғай білген ардагерлеріміздің ерліктерін мақтан етеміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1218363?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді