Ұлытау облысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Ұлытау облысында жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған бірнеше жүргізушіні анықтады.

     Жезқазған қаласында Бейбітшілік көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінен бір топ мектеп оқушысы өтіп бара жатқан сәтте Toyota Highlander жүргізушісі жылдамдығын төмендетпестен, балаларды қағып кете жаздап өте шыққан. Оқиға ЖБО камераларына түсіп, операторлар көліктің мемлекеттік нөмірін санаулы секунд ішінде анықтап, патрульдік полиция экипаждарына бағыттама берген. Нәтижесінде жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды.

     Сондай-ақ Жаңаарқа кентінде бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған бірнеше жүргізуші анықталды. Олардың бірі қарсы бағытқа шығып, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірген.

     Бүгінде жедел басқару орталығының камералары өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын тәулік бойы бақылауда ұстап отыр. Бұл — тек техникалық құрал ғана емес, адам өмірін қорғауға бағытталған цифрлық қырағылықтың тиімді тетігі.

     Полиция департаменті жүргізушілерді жолда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Бір сәттік бейқамдық орны толмас жағдайға әкелуі мүмкін.

     Заң мен тәртіп — әр азаматтың жауапкершілігінен басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1218312?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді