Бүгін Сарыағаш ауданында Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған облыс көлеміндегі әкімшіліктерге қарасты мекемелердің кадр мамандарына Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Аталмыш кездесуге Түркістан облысының әкімі аппараты кадр бөлімінің бас инспекторы Г.Тоққұлы, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуәліқызы және өңірдегі кадр мамандары қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптары түсіндіріліп, еңбек қатынастарын рәсімдеу, еңбек шарттарын жасау, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының тәртібі, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбек заңнамасын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Мұндай түсіндіру жұмыстары еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге және кадр қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Жауап қалдыру