🔰 ТҮЛКІБАС: «АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ» ОҢАЛТУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ» ЖШС-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Үстіміздегі жылдың 13 мамыр күні Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы “Ақсу-Жабағылы” оңалту-сауықтыру кешені” ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
🔹 Тексеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша Алдияр Шаниярұлы “Ақсу-Жабағылы” оңалту-сауықтыру кешені” ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып:
– қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы;
– мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету;
– еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1218837?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді