«Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын жүзеге асыру мақсатында «Еңбек жолы» конкурсын өткізу басталғанын жариялаймыз.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады;

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары сапалы жұмыс атқаратын тәлімгер таңдалады;

3) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмысшысы таңдалады;

 

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді платформа «Qamqor.enbek.kz» арқылы қабылдау 22 мамырдан бастап 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты (87102) 77-31-67, 8 7055823872  (Ұлытау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар   басқармасы) телефондары арқылы алуға болады.

Мекен-жайымыз: Жезқазған қаласы, Желтоқсан көшесі, 25 , 1-қабат,   10 кабинет, еңбек нарығын талдау, көші-қон және әлеуметтік әріптестік   бөлімі, эл.пошта:sektor_zan@mail.ru

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-social/press/news/details/1218833?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді