Абай облысында 170 келіге жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Абай облысында табиғатты қорғау және су биоресурстарын сақтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

     Полиция қызметкерлері су айдындары мен балық шаруашылығы маңызы бар аумақтарда бақылауды күшейтті. Өткізілген рейдтердің нәтижесінде 58 құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, өңірдің табиғи ресурстарына залал келу қаупінің алды алынды. Заңсыз ауланған 164,3 кг балық тәркіленіп, оның заңсыз айналымға түсуі жол берілмеді және су айдындарының экологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

     Іс-шаралар барысында құқық бұзушылықтар ғана тоқтатылып қоймай, профилактикалық жұмыстар да жүргізіледі: азаматтарға су биоресурстарын сақтаудың маңыздылығы, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи байлықтарға құрметпен қарау туралы толық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1218940?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді