
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сол жылдардың жаңғырығы бізге Отанға берілгендік және оны ерлікпен, жауынгерлік рухпен қорғау үлгісінің мәңгілік мысалы іспеттес.
Өз өмірін қиып, Отанымыздың тәуелсіздігі, бейбіт күн мен бостандық үшін күрескен ерлерге, тылда жанқиярлықпен еңбек етіп, жеңісті жақындатуға үлес қосқан еңбеккерлерге біздің алғысымыз шексіз.
Бүкіл еліміз сияқты, Ақтөбе облысы да фашизммен болған шайқастағы Жеңіске елеулі үлесін қосты. Соғыс жылдарында облыстың 122 мыңнан астам тұрғыны алғы шепке аттанды. 35 ақтөбелік өздерінің жанқиярлық ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Біз бейбіт өміріміз бен бостандығымыз үшін күрескен ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың, аталарымыз бен бабаларымыздың алдында басымызды иеміз.
Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, елімізге тыныштық, жарқын болашақ және игіліктер тілеймін! Аспанымыз ашық болып, Ақтөбеміз гүлденіп, өркендей берсін!
Құрметпен, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/1218778?lang=kk

Жауап қалдыру