Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 38-ші сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 13 мамыр  күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында  Бөкей ордасы аудандық мәслихатының  кезектен тыс 38-ші сессиясы өтті. Мәслихат сессиясын аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева жүргізді. Сессия жұмысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Кенесары Нұршинов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов, аудандық мәслихат депутаттары мен ауылдық округтер әкімдері және тиісті сала басшылары  қатысты. Күн тәртібінде   Бөкей ордасы ауданы әкімінің және барлық ауылдық округтер әкімдерінің 2025 жылғы аудан, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамалары тыңдалды.

Қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді. Күн тәртібіндегі мәселелерді бойынша қабылданған шешімді аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан бекітті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1218777?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді