Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан халқының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан  

                               халқының назарына!

 

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырық бірінші сессиясы 2026 жылғы            14 мамыр күні сағат 16.00-де Қазығұрт ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін.

       Мекен жайы:  Қазығұрт   ауылы, Қонаев көшесі № 95.

       Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялар отырысы 2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 15.00- де өткізіледі.

 

                     Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

 

  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы

«2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» №37/220-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24   желтоқсандағы

№36/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  1. Қазығұрт ауданының жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту

туралы.   

  1. Қазығұрт   аудандық   мәслихатының   2023   жылғы   27   желтоқсандағы

«Қазығұрт ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №10/63-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

      Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.   

 

                                                                                                   Т.Калымбетов

                                                                                  аудандық мәслихат төрағасы.

                                                                                                                                              

           Ескертпе: Сегізінші шақырылымдағы Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары мен сессиялары онлайн-трансляция форматында өтеді. Тұрақты комиссия отырыстары мен сессияларды «YouTube» платформасы арқылы тікелей эфирде және бейнежазылым (запись) түрінде көруге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kazygurt/press/news/details/1218665?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді