
2026 жылғы 6 мамырда Қазақстанның Бәндәр Аббастағы (Иран) консулдығының басшысы Д.Дүйсебай Қытайдың осы қаладағы бас консулы Шу Вимен кездесті.
Жүздесу барысында тараптар консулдық, өңіраралық сауда мәселелерін талқылай келе, қазақ консулдығы мен қытай бас консулдығы арасында өзара тұрақты жұмыс байланыстарын орнатып, екіжақты диалог пен практикалық өзара ықпалдастықты нығайтуға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bandarabbas/press/news/details/1218473?lang=kk

Жауап қалдыру