Солтүстік Қазақстан облысында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында және Петропавл қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кезекті

Акция кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және балаларда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Қатысуға 4-7 сынып оқушылары, сондай-ақ облыс мектептері жанынан жұмыс істейтін жас жол инспекторлары клубтарының мүшелері тартылды. Барлығы профилактикалық іс-шаралармен 600-ден астам қатысушы қамтылды.

Негізгі іс-шаралардың бірі Петропавл қаласында өтті. Онда прокуратура полициямен және білім бөлімімен бірлесіп, қуыршақ  театры базасында оқушыға арналған кездесу ұйымдастырды.

Іс-шара барысында балаларға жол қозғалысы қағидаларының негізгі талаптары түсіндірілді, жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс үлгілері көрсетілді, сондай-ақ интерактивті оқыту сабақтары өткізілді.

Ұйымдастырушылар оқушылардың  назарын жол қозғалысы қағидаларын сақтау қажеттілігіне, өз қауіпсіздігі үшін жауапкершілікке және жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрметпен қарауға аударды.

Мұндай іс-шараларды өткізу балалардың  жолдарда заңға бағынатын және қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1219023?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді