
2026 жылғы 14 мамырда Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А.М. Нугманов Департаменттің 2026 жылғы 8 қаңтардағы №16 н/қ бұйрығымен бекітілген ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2026 жылға арналған жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарының 9-тармағына сәйкес құқықтық оқыту өткізді.
Құқықтық оқыту барысында Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылы мәселелері түсіндірілді.
Аталған Қағида Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №427 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №255 бірлескен бұйрығымен бекітілген.
Құқықтық оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылының негізгі бағыттары:
- мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
- заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдардың сақталуына ықпал ету;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
- құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларына талдау жүргізу;
- түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
- бұқаралық ақпарат құралдарында анықталған жағымсыз материалдармен жұмыс жүргізу;
- заңнама талаптарын бұзған мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау.
- Әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік жұмыс жоспарлары негізінде ұйымдастырылатыны атап өтілді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның профилактикалық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізу тәртібі түсіндірілді.
- Әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жоспарын әзірлеу және бекіту мерзімдері мен тәртібі қарастырылды.
- Үлгілік жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпараттың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында мерзімді түрде орналастырылатыны айтылды.
- Қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметі туралы қосымша ақпарат сұратуға құқылы екені түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1219777?lang=kk

Жауап қалдыру