Онлайн-эфир: өндірістік жарақаттану мәселелері бойынша еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14 мамырда бекітілген әлеуметтік желілердегі тікелей онлайн-эфирлер өткізу кестесіне сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Сайфулова А.Ж. «Өндірістік жарақаттану» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді.

Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің негізгі ережелері, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер қарастырылды.

Эфир қатысушыларына жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері, өндірістік жарақаттарды тергеп-тексеру тәртібі, тиісті актілерді рәсімдеу, сондай-ақ өндірісте зардап шеккен жұмыскерлерге кепілдіктер мен өтемақылар беру мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігі мәселелері қаралды.

Тыңдаушылар жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтары, өндірістегі жазатайым оқиғалар туындаған жағдайда жүгіну тәртібі, сондай-ақ өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар туралы толық ақпарат алды.

Осындай онлайн-іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі мен жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіруге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1219714?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді