
Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Бүгінгі қабылдауда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, сондай-ақ, нысандарды пайдалануға беру үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қала тұрғындары жеке құрылыс жүргізу мақсатында жер учаскесін беру өтініштерімен жүгінді. Басқарма басшысы әр азаматтың сұрағын мұқият тыңдап, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Басқарманың құзыреті аясында көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндірме берді.
Еске саламыз, Басқарма басшысы азаматтарды әр бейсенбі күні сағат 14:00-де қабылдайды.
Қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/1220711?lang=kk

Жауап қалдыру